Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде коронавирус вакцинасын толық алғандар саны 6 млн-ға жуықтады

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 08:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус вакцинасының 2-компонентін 5,9 млн адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«2021 жылғы 13 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 7 087 994 адам вакцина салдырды, II компонентпен 5 906 080 адам», делінген хабарламада.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 910 894 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 805 051 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 803 774 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 631 692 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Алматы облысы – 713 860 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 594 284 адам екінші бөлігін қабылдаған.



Жоғары қарай