Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде коронавирус вакцинасын алғандар саны 7,1 млн-ға жуықтады

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 08:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус вакцинасының 1-компонентін 7,1 млн адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«2021 жылғы 15 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 7 160 129 адам вакцина салдырды, II компонентпен 5 982 331 адам», делінген хабарламада.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 916 736 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 814 080 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 815 405 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 634 826 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Алматы облысы – 719 983 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 600 494 адам екінші бөлігін қабылдаған.


Жоғары қарай