Елімізде коронавирус инфекциясының белгісі бар 44 пневмония тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 қарашада тіркелген коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмония бойынша ақпарат жраияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Кеше коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 44 жағдайы тіркелді. Оған қоса 27 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 41 203, 427 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30 086 жетті.