Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде қайта вакциналау тәсілі әзірленді

2021 жылдың 13 қазан 2021 17:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқын қайта вакциналау тәсілі әзірленді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп азаматтарды коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация тәсілін әзірледі. Аталған мәселе елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қаралды», - деп жазды А. Цой өзінің Facebook парақшасында.

Министрдің айтуынша, індетке қарсы вакцинаны толық алған адам араға 6-9 ай уақыт салып қайта екпе алуға болады.

Сонымен қатар, А.Цой ревакцинация кезінде ескерілуі тиіс жайттарды алға тартты.

– Векторлық (Спутник) вакцина алған жандар 9 айдан кейін инактивацияланған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) ревакцинацияланады;

- Инактивацияланған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакцина алған жандар векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) 6 айдан кейін ревакцинацияланады;

-М-РНК вакцинасымен (Pfizer) екпе алған жандар 6 айдан кейін белсенділігі жойылған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинамен ревакцинацияланады;

– Толық вакцина алғаннан кейін КВИ-ге шалдығып сауыққаннан кейін 3 айдан соң қайта вакцина алуына болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қарашаның соңында ел аумағында ревакцинациялау басталады.



Жоғары қарай