Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде қалдықтарды жіктеудің жаңа тетігі енгізілмек

2020 жылдың 3 ақпан 2020 18:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қалдықтардың жіктеудің жаңа тетігі енгізілмек. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экологиялық кодекстің жаңа редакциясында қалдықтар қауіптілігінің 3 деңгейінен бас тартып, Еуропалық қалдықтар каталогына көшу ұсынылады. Қолданыстағы қалдықтар жіктемесінің кемшілігіне тоқталсақ, ұқсас қалдықтар кодировкасында әртүрлі түсінік беру мүмкіндігі бар. Мысалы, күлді қауіптіліктің жасыл (көмірде жұмыс істейтін энергоқондырғылардан ұшатын күл), сондай-ақ қызыл деңгейіне (күл және қалдықтар) жатқызуға болады», - деді министр Мәжілісте жаңа Экологиялық кодекс жобасын таныстыра отырып.

Еуропалық қалдықтар каталогына негізделіп ұсынылып отырған сыныптауыштың артықшылығы - ол қалдықтарды қауіптілерге және қауіпсіздерге бөлу.

«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіру бойынша ұсынылып отырған шаралар түпкілікті нәтижеде стихиялық қоқыс орындарын жоюға, полигондар салуға арналған бюджет шығыстарын қысқартуға, сондай-ақ экологияға және адам денсаулығына теріс әсерін азайтуға мүмкіндік береді», - деді Мырзағалиев.


Жоғары қарай