Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елімізде электр энергиясын сату тетіктері жетілдірілді

2020 жылдың 13 сәуір 2020 14:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде электр энергиясын сату тетіктері жетілдірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

«Жыл сайын, тасқын судың ұлғаюына байланысты сатып алушылардан электр энергиясының қосымша көлемін төмендетілген бағамен сатып алу мүмкіндігі пайда болады. Алайда бұрын осы электр энергиясын сату тетігінің кейбір кемшіліктеріне байланысты көптеген сатып алушы сауда-саттыққа қатыса алмайтын. Бірқатар шарттар олардың қатысуын шектейтін еді», - делінген хабарламада.

10 сәуірде Энергетика министрлігінің қолдауымен ГЭС өндіретін электр энергиясының сауда-саттығы тың қағидалар бойынша өткізілді. Осының арқасында арзан электр энергиясын сатып алуға жаңа сатып алушылар да қатысуға мүмкіндік алған. Бұл дегеніміз «ойын шарттары» барлық сатып алушылар үшін барынша объективті болатынын, дағдарыс жағдайында электр энергиясының өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік беретінін білдіреді.

Мамандардың айтуынша, бұл шара нарықтың ықтимал үлестестігін жоюға мүмкіндік беріп, электр энергиясы нарығындағы бәсекелестікті дамытуға жаңа серпін болады.

«10 сәуірде табиғат қорғау мақсатында су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына электр энергиясының көтерме сауда нарығының 71 субъектісі, оның ішінде 68 сатып алушы және 3 сатушы қатысты. Электр энергиясына сұраныс 1 458,6 млн кВт сағатты құрады. Электр энергиясының сатып алынған/сатылған көлемі 301,2 млн кВт/сағатты құрады. Қорытындысы бойынша 13 мәміле жасалды», - деп хабарлайды министрліктен.

Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаевтың айтуынша, бұл заңнамалық бастамалар нарықтық қарым-қатынасты дамыту үшін жағдай жасау мақсатында орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру тетіктерін жетілдіреді.

Қағидаларға енгізілген елеулі өзгерістер сатып алушыларға бірінші кезеңде өзінің баға ұсыныстарымен 30 минут ішінде «шығуын», ал сатушыларға сауда сессиясының келесі 30 минутында өтінім беруін және сұраныс қанағаттандырылған жағдайда – жұптарды автоматты түрде қалыптастыруды қамтамасыз етті. Ең маңыздысы – сауда жүйесіндегі барлық іс-әрекеттер иесіздендірілген, іс жүзінде қатысушылар арасындағы сөз байласу факторы алынып тасталған.


Жоғары қарай