Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде «Экспорттық-кредиттік агенттік туралы» заң жобасы әзірленді

2021 жылдың 24 қараша 2021 18:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде «Экспорттық-кредиттік агенттік туралы» заң жобасы әзірленді. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шикізаттық емес экспортты одан әрі дамыту және ілгерілету мақсатында «Экспорттық-кредиттік агенттік туралы» заң жобасы әзірленді. Ол «KazakhExport» акционерлік қоғамын экспортты қаржылық қолдаудың бірыңғай операторы ретінде арнайы режимде қалыптастыруды көздейді. Осындай қолдау іс-шараларын бір институтта шоғырландыру экспорттаушыларға экспорттық циклдің барлық кезеңдерінде тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта заң жобасы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілуде», - деді министр Сенатта өткен Үкімет сағатында.

Оның атап өтуінше, «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңда ішкі сауда субъектілеріне мемлекеттік қолдау іс-шараларын көрсету бойынша Сауда министрлігінң құзыретін айқындау ұсынылады

«Бұл ішкі сауданы дамытуға қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жол береді. Сондай-ақ, нарықтағы ірі сауда желілерінің қызметін реттеуге, демпингті үстеме бағаларды бақылау енгізу ұсынылады», - деді Бақыт Сұлтанов.


Жоғары қарай