Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде азық-түлік бағасы 9,6 пайызға өсті

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 08:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл он бір айда баға азық-түлік тауарларына–9,6%, азық-түлік емес тауарларына–5,1%, ақылы қызметтерге 3,8% жоғарылады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарашада (2020 жылғы қазанға) бағаның өсуі күнбағыс майына – 10,7%, жаңа жиналған көкөністерге– 8,5%, құмшекерге – 6,8%, жұмыртқаға – 4,6%, картопқа – 3,8%, жармаларға – 2,1%, айранға – 1,1%, ұнға – 1%, сүтке, сары майға – 0,8%-дан, макарон өнімдеріне 0,7%белгіленді.Темекі өнімдері 0,6% қымбаттады. Бағаның төмендеуі тауықтың сирағына – 1,8%, алмаларға – 1%, сөкке 0,5% тіркелді.

Баға өсімі жеке көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектерге – 1,5%, ыдыс-аяққа – 1,4%, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарға– 1,2%,жуғыш және тазалағыш құралдарға – 1%, тұрмыстық аспаптарға – 0,9%, киім және аяқ киімге, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 0,7%-дан, планшеттерге – 0,6%, дәрі-дәрмекке, жеке қолданылатын тауарларға, автомобильдерге 0,5%-данқұрады.Қысқы дизель отыны 2,8% арзандады.

Баға деңгейі кинотеатрлар қызметтеріне – 6,2%, спорттық кешендер қызметтеріне – 1,3%, стоматологиялық қызметтеріне – 1%, моншаға бару, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне– 0,9%-дан, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне 0,7% өсті. Әуе көлігімен жол жүру ақысы 0,9% арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық суға – 6,2%, орталықтын жылытуға – 4,5%, қоқыс шығару – 1,6%, суық суға – 0,9%, электр энергиясына – 0,5%, кәрізге – 0,2% өсті.


Жоғары қарай