Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде алты облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 17 қазан 2020 20:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде алты облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

18 қазан Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Атырау қаласында ертең түнде және таңертен тұман түседі.

18 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

18 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с жетеді.

Көкшетауда ертең солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

18 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: 18 қазанда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

18 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүруі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы плюс 2-10 градусқа дейін күрт төмендейді.

18 қазанда Павлодар облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы плюс 2-10 градусқа дейін төмендейді.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Жоғары қарай