Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елімізде 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуына шектеу қойылады

2020 жылдың 2 шілде 2020 12:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында азаматтардың жүріп-тұруы бойынша нақты шектеу шаралары бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, мынадай шешім қабылданып отыр:

1. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;

2. Ашық ауада жаттығу жасауға рұқсат ету;

3. Тұрғындардың көшеде, саябақта, скверде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;

4. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.



Жоғары қарай