Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Елімізде 2 миллионға жуық адам несие төлемін кейінге шегерді

2020 жылдың 5 маусым 2020 19:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 миллионға жуық қарыз алушының несие мерзімі кейінге қалдырылды және 1,5 мыңға жуық несие жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша кредит алуға мақұлдаудан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халықты және бизнесті қолдау жөніндегі шаралардың орындалуын мониторингтеуді жалғастыруда.

2 маусымдағы жағдай бойынша, екінші деңгейлі банктер және өзге кредиттік ұйымдар төлемді тоқтата тұруға 265,8 млрд теңгеге 1 883 111 жеке тұлғаның өтінішін мақұлдады. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан 345 мыңнан астам адам 42 млрд теңгеенің несие төлемін кейінге шегерді. Бұл - қарызданушы жеке тұлғалардың жалпы санының 34 пайызы.

Сондай-ақ 12 411 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 164,6 млрд теңгеге немесе шағын және орта бизнес субъектілерінің 41,6% төлеу мерзімін кейінге қалдырды.

Қалған өтінімдер қаралып жатыр. Олар бойынша 10 жұмыс күні ішінде тиісті шешім қабылданады. Кәсіпкерлерді жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы шеңберінде қаражатты игеру мониторингі екінші деңгейлі банктерден алынған деректер бойынша 2 маусымда шағын және орта бизнес субъектілері және дара кәсіпкерлерге 187,8 млрд теңге сомаға 1336 қарыз мақұлданды.


Жоғары қарай