Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде 12 млн тонна астық бастырылды - АШМ

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 10:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 12 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«15 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша 13,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы алқаптардың 83,3 пайызынан өнім жиналды.

Орташа өнімділік гектарына 9,1 центнерден, жалпы 12 млн тонна астық бастырылды», деп хабарлады министрліктен.

Ведомствоның мәліметінше, негізгі егін егетін үш өңірде Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстанда 10 млн га немесе жинау алаңының 86% жиналды. Өнімділік гектарына 8,3 центнерден, 8,2 млн тонна астық бастырылды.

«Сақтау сыйымдылығы өткен жылдан қалған астық пен биылғы болжанып отырған астық көлемін сақтауға жеткілікті», делінген хабарламада.

Басты сөздер: Аймақ, Ауыл шаруашылығы,
Жоғары қарай