Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде 1 қыркүйектен бастап 165 мектеп карантинге жабылған

2020 жылдың 27 қараша 2020 18:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова 1 қыркүйектен бастап елде 165 мектеп карантинге жабылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап елде 165 мектеп жабылды. Қазіргі таңда 66 мектеп әлі де жабық тұр. Карантин кезеңінде мектеп 14 күнге жабылады. Бұл – ең аз инкубациялық кезең. Егер бір сыныпта коронавирус жұқтырған бірнеше адам анықталса, инкубациялық кезең ең соңғы тіркелген оқушыдан бастап есептеледі. Яғни, мектептер ең аз дегенде 14 күнге жабылады», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Қазақстанда желтоқсан немесе қаңтар айларында қатаң карантин шаралары енгізілуі мүмкін бе» деген сұраққа жауап берген болатын.


Жоғары қарай