Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Елге қайтарады дегенді естіп, лагерьге үш күн жаяу жүріп жеттім – Сириядан оралған әйел

2019 жылдың 21 қазан 2019 09:17

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Жусан» гуманитарлық операциясы Сирия еліндегі оқ пен оттың ортасында қалған қандастармызды, отанына қайтаруда. Оны еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік органдары халықаралық әріптестерімен бірлесіп атқарып жатыр. Қазір елге оралғандардың алғыстан басқа айтарлары жоқ. Бәрі қайтадан бақытты ғұмыр кешуге әркеттеніп жатыр.

Салтанат Сирияны жұмақ санап кеткен көптің бірі. Алайда сенімі ақталмады. Аштық пен соғыстың ортасына түсіп, өмірі сергелдеңге айналды. Ең сорақысы, бауыр еті баласынан айырылды. Енді аман қалған ұл-қыздарын Қазақстанда өсіріп, отанына адал азамат етіп тәрбиелеуге ниетті.

«Қыздар күліп, бес жылдан кейін өміріңді қалай елестетесің деп сұрайды. Мен толық ем алып, табысты бизнес-леди боламын. Жеке автокөлігім, кәсібім болады деп жауап қайтардым»,- дейді Салтанат.

Шам елінде Салтанат мынаны түсініпті. Өз елің мен жұртыңды сүюің керек. Өзгелер де сені құрметтеп сыйласын десең, өсек-өтіріктен аулақ болу маңызды. Себебі ол жақсылыққа апармайды.

«Менің Сириядағы бес жыл өмірім өксікпен, өкінумен өтті. Мен шарасыз күйде қалдым. Жолдасым өзін-өзі жарып жіберді. Үлкен ұлым ауыр дертке шалдығып сол жақта қайтыс болды. Кім біледі, егер күйеуіме сеніп сол жаққа бармасам ұлым аман-есен жанымда жүрер еді ғой. Оны емдете алмадым, айырылып қалдым», - деп жылады ол.

«Жусан» операциясы туралы естіген Салтанат, қалып қалмайын деп лагерге үш күн бойы тоқтамай жаяу жүріп жеткен.

«Қазақстанға қайтарамыз дегенді естігенде қуаныштан жыладым. Сол көштен қалып қоймайын деп лагерге барынша асығып келдім. Балаларыма: «Сәл шыдасаңдар, елге ораламыз, қиын күндеріміз артта қалады. Тек шыдамдылық танытып, менің айтқанымды істеңдер», - дедім. Үш күн жаяу жүріп келдік. Аллаға шүкір, қазір өз еліміздеміз», - деді Сириядан оралған келіншек.

Қазір Салтанат балаларымен бірге оңалту орталығында. Онымен арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр.

«Сириядан келгендермен психолог, теологтар жұмыс істеп, қоғамға дайындап жатыр. Сыртта жүріп, ұмытыңқыраған ана тілін де осы жерде үйретеді. Мұнда келгендердің көбі тұйықталып қалған. Ондағы өмір туралы мүлде айтқылары келмейді. Өйткені азапты күндер кешкен. Соғыста жүріп жас келіншектер бауыр еті баласынан айырылған. Олардың жан дүниесін емдеу үшін барымызды саламыз», - дейді психолог Роза Айтжанова.

Алғашқы лекпен Отанға оралғандардың көбісі жұмысқа орналасты. Балаларына құжат алып, балабақшаға беріп жатыр. Айта кету керек, «Жусан» операциясы шарапаты мол шараға айналды.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Сирия, Дін, Алматы,
Жоғары қарай