Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елена Рыбакина Олимпиаданың үшінші айналымына өтті

2021 жылдың 26 шілде 2021 10:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио ойындарын сәтті жалғастыруда деп жазады Olympic.kz.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда Швеция өкілі Ребекка Петерсонмен кездескен болатын.

Екі сетке созылған матчта Рыбакина 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылған.

Айта кетелік, Елена Рыбакина теннистен Қазақстан әйелдер командасының Токио Олимпиадасында қалған жалғыз өкілі. Бұған дейін Зарина Дияс, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын.


Басты сөздер: Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай