Ауа райы
Астана -28 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Электрондық саудаға қандай қолдау көрсетілді

2020 жылдың 24 қараша 2020 22:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ІХ Азаматтық форумда ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы электрондық сауданың дамуына қандай қолдау көрсетілгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, электрондық сауда бағытын министрлік белсенді дамытып келе жатыр.

«Пандемия кезінде барлық мемлекет бұл сектордың қандай серпін алатынын және нарықтағы жағдайға жауап беруде қандай көмек көрсете алатынын сезінді. Біз өндірушілерімізге тікелей қолдау көрсетеміз және Alibaba, Ebay және Wildberries нарықтарына шығарамыз. Бүгінде біздің 43 компания Alibaba алтын аккаунттарында сауда жасайды, биыл тағы 50 компания «Gold Supplier» аккаунттарын алады. Alibaba әсерін есептеу жобаға салынған бір теңгенің экспортқа 26 теңге әкелгенін көрсетті. Жалпы, бүгінгі таңда біздің тауарларға 500-ден астам сұраныс келіп түсті және 4 мыңнан астамы платформаға орналастырылды. Біз оқытуға да көмектесеміз, Alibaba-мен келісім жасадық, олар біздің көмегімізбен кәсіпорындарды нарыққа шығарады», - деді министр ІХ Азаматтық форумда үкіметтік емес ұйымдармен кездесу барысында.

Форум барысында министр «ШОБ онлайн» жаңа Телеграм-арнасын таныстырды. Мұнда электрондық сауданы іске қосу, басқару және арттыру, онлайн сабақтар мен серіктестердің ұсыныстары туралы ақпарат табуға болады. Сондай-ақ, электрондық сауда мәселелері мен проблемаларын кешенді шешу үшін Цифрлық Қазақстан қауымдастығымен бірлесіп e-commerce телеграмм-тобы құрылған, онда түрлі өзекті мәселелер талқыланады, министрлікпен диалог құрылады.

«export.gov.kz бірыңғай экспорттық порталында сіздің өніміңізге қандай елдерде сұраныс бар екендігі туралы экспорттық талдау жарияланған. Мемлекеттік қолдау шараларын бір платформада топтастыру үшін порталды Digital Export бірыңғай цифрлық терезесіне айналдыруды жоспарлап отырмыз», - деп толықтырды Бақыт Сұлтанов.


Жоғары қарай