Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Электрондық биржадағы» алаяқтық: ҚР ІІМ «Wall Street Invest Partners» басшысын ұстады

2020 жылдың 4 маусым 2020 00:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті Алматы қалалық прокуратурасының қадағалауымен алаяқтық бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде «Wall Street Invest Partners» ЖШС бас директоры М.Нүсіпбековті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ-нің Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«TeleTrade Central Asia» ЖШС мен «Wall Street Invest Partners» ЖШС басшылары өңірлерде филиалдар ашып, менеджерлерді жалдаған. Электрондық биржада зор пайдаға кенелтетінін уәде етіп, клиенттерді тартқан. Кейін олардың ақшасын оффшордағы өз шоттарына аударып, жиған соманы жымқырып отырған. Аталмыш компаниялар өз жұмысын шетелдік Tele Trade D.J. LTD компаниясымен жасалған келісімшартпен бүркемелеп жүргізген. Бұл компанияны тіркеген ұйымдастырушылардың өздері. Ол Қазақстан мен Ресей азаматтарының атына жазылған. Сонымен бірге шетелдік банктерден шот ашылған.

Айта кетерлігі, бұдан бұрын қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы әрі басшысы – «TeleTrade Central Asia» ЖШС басшысы Б.Есполов ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған еді.

«TeleTrade қылмысының ресейлік қатысушыларына қатысты сол елдің құқық қорғаушылары тергеу жүргізіп жатыр.

TeleTrade Central Asia басшысы ұсталатын күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Қарағанды мен Маңғыстау облысындағы филиал кеңселеріне тергеушілер тінту жүргізіп, қылмысқа қатысты құжаттарды тәркіледі.

Қазіргі таңда аталған компаниялардың басшыларын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жәбірленушілерден арыз түсуде. ІІМ өз тарапынан «TeleTrade Central Asia» ЖШС, «Wall Street Invest Partners» ЖШС мен «TeleTrade D.J. LTD» ЖШС қылмыстық ісінен зардап шеккен басқа да азаматтарды ІІМ-нің Тергеу департаментіне жүгінуді сұрайды», - делінген ақпаратта.

Еске сала кетейік 22 мамыр күні Алматыда ІІМ-нің Тергеу департаменті алаяқтық фактісі бойынша «TeleTrade Central Asya» ЖШС басшысын ұстап, уақытша оқшаулағышқа қамаған еді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай