Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Электронды казино ашқан қостанайлық жауапқа тартылды

2019 жылдың 31 шілде 2019 22:50

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының тұрғыны электронды 2 казино ашып, пайда тауып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай тұрғыны осы жылдың наурыз-сәуір айлары аралығында электронды екі казино ашқан.

«Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен азамат Ж. ҚР ҚК 307-бабы бойынша айыпты деп танылды. Бір жыл көлемінде шартты түрде бас бостандығынан айырылып, пробациялық бақылау тағайындалды. Сондай-ақ, 100 сағатқа қара жұмысқа тартылды», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Ол жәбірленушілердің қорына 10 АЕК көлемінде өтемақы төлейді.

Жоғары қарай