Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елдіміздегі әскери полигондар жаппай тазартылады

2020 жылдың 20 қазан 2020 01:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елдіміздегі полигондар жаппай тазартылады. Оқ-дәрілердің фрагменттерінен арылту үшін оған арнайы техникасы бар инженерлік-саперлік бөлімшелер тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінде өткен аппараттық кеңесте әскерлерді тексеру қорытындысы шығарылып, жаңа оқу жылына дайындық бойынша нұсқаулар берілді.

«Қорытынды тексерудің аяқталғаны туралы баяндады. Жеке құрамның, әсіресе атыстарды орындау және жауынгерлік машиналарды жүргізуде кәсіби деңгейінің өскені атап өтілді. Тексеру барысында берілген баға жыл қорытындысы бойынша әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік беру үшін негіз болады, оған сәйкес ақшалай үстемеақы есептеледі. Енді бір ай көлемінде желтоқсанда басталатын жаңа оқу жылына дайындық бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады», деліген хабарламада.

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев тәжірибе үшін оқ атудан кейін қалған оқ-дәрілердің фрагменттерін жаппай тазалау жүргізу қажет полигондар мен оқу-жаттығу алаңдарына назар аударды. Бұған арнайы техникасы бар штаттық инженерлік-саперлік бөлімшелер тартылады.

«Бұдан бөлек, оқ атуға және жүргізуге тартылған оқу-жауынгерлік техникаға регламенттік қызмет көрсетуді жүргізу бойынша міндеттер қойылды. Жаңа оқу жылына ол жеке құраммен сабақ өткізуге дайын болуы керек. Қорғаныс министрі оқу-әдістемелік жиындарды өткізуде барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жабық үй-жайларда адамдардың жиналуына жол бермеуді тапсырды», делінген хабарламада.

Әскери бөлімдерде Төтенше жағдайлар министрлігімен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бірлескен тексеру ұйымдастырылды. Ең алдымен маңызды нысандар – қоймалар, арсеналдар, жанармай құю бекеттері тексеріледі. Командирлер аталған тексеруді сапалы жүргізу, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою бойынша шаралар қабылдау міндетін алды.

Жоғары қарай