Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елдегі энергия көздерінің 53 пайызын жаңарту керек

2021 жылдың 30 наурыз 2021 16:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы 2 жылда ескірген энергия көздерінің 5 пайызы ғана жаңартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда электр энергиясын тұтыну көлемімен бірге ескірген көздердің саны да артып келеді.

Энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов салада осындай проблема бар екенін еске салды.

«Энергия көздерінің басым бөлігі өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары іске қосылған. Тиісінше, генерация секторындағы негізгі шығындар оларды жұмыс жағдайында ұстауға бағытталуда. Егер 2018 жылдың қорытындысы бойынша өндіруші қуаттардың тозу деңгейі орта есеппен 58%-дан асса, 2020 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 53%-ды құрады. Тұтыну көлемінің өсу серпінін ескере отырып, Қазақстанның электр энергетикалық саласының алдында «пайдалану моделінен» «инвестициялық модельге» ауысу мәселесі тұр» - деді вице-министр орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингіде.

Еске салсақ, аталмыш шарада салалық кәсіподақ басшысы білікті кадрлардың Ресейге кетіп жатқаны жайлы мәлімет айтқан болатын.


Жоғары қарай