Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елдегі барлық қан плазмасының 70%-ы Шығыс Қазақстанда жиналды

2020 жылдың 21 қазан 2020 02:52

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Елдегі коронавирусты емдеу үшін қолданылатын иммундық қан плазмасының 70%-ы Шығыс Қазақстан облысында жиналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемен қаласында бой көтеретін Пульмонология орталығындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімі толығымен жасақталып, жұмысқа дайын тұр. 200 арнайы кереует, ӨЖЖ аппараты, 200 инфузомат, 220 монитор сатып алынған. КТ аппаратын орнатуға арнайы орын дайындалды. Барлық қауіпсіздік талаптары сақталған. Ең бастысы, бұл орталықтың өз оттегі станциясы болады.

«Бұл мекеме облыстағы ең жақсы клиникалардың бірі болады деп зор сеніммен айта аламын. Өңірге 5 ПТР зертханасын сатып алдық. Олар бізге күніне 5 мың сынама жасауға мүмкіндік береді. Өкінішке қарай коронавирустың алғашқы толқынында жекеменшік ПТР зертханалары COVID-19 сынақтарының нәтижесін 25-30 күнге дейін созып, өте баяу жұмыс істеген болатын. Соның салдарынан диагностика мен науқастарды емдеуге кететін қымбат уақытты жоғалттық. Енді бұлай болмайды!», - Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, қазан айының соңында Пульмонология орталығының құрылысы аяқталып, жабдықтау жұмысы басталады.

«Осы ретте, плазма банкіне қан тапсырған шығысқазақстандықтарға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бүгінде ШҚО-да елдегі барлық плазманың 70% жиналған. Бұл науқастарымыздың сауығуына зор септігін тигізеді», - деді аймақ басшысы.

Жоғары қарай