Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елдегі апаттық және үш ауысымды мектеп мәселесі қалай шешіледі

2019 жылдың 6 мамыр 2019 12:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова еліміздегі апаттық және үш ауысымдық мектеп мәселесі қалай шешілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда елімізде үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептердің бары белгілі. Бұған дейін хабарлағанымыздай, алдағы 3 жылда 190 мектеп салынып, олардың 89-ы үш ауысымды мектеп мәселесін, ал 13 мектеп апаттық жағдайдағы білім нысандарының мәселесін, ал 72-і орын жетіспеушілігі мәселесін шешетін болады. БҒМ осы жұмыстар бойынша терең талдау жұмыстарын жүргізіп, аймақтарды нақтылап отыр. Келешекте білім нысандары бала санына байланысты салынады. Мектептердің қашан және қайда салынатынын жергілікті атқарушы билік шешеді», - дейді Білім және ғылым министрі Үкіметтің баспасөз орталығында.

Күләш Шәмшидинова өз сөзінде мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік аясында да мектеп жетіспеушілігі мәселесі шешіліп жатқанын атап өтті.

«Тәуелсіздік алған жылдан бері елімізде 1672 мектеп салынған. Тағы да айтарым: орта білімнің инфрақұрылымы ең бірінші кезекте үш ауысымды, апаттық және оқушылар орынының жетіспеушілігі бар мектептердің мәселесін шешетін болады», - дейді министр.

Баспасөз мәслихаты барысында министр сондай балалардың жеке санаттарын қолдау шаралары қалай іске асырылатынын айтып берді.

«Ол мақсатта жыл сайын білім беру ұйымын ұстап тұруға жұмсалатын қаржы қорының 1 пайызы бөлініп жатыр. Бұл жағдайда әлбетте, (мектептегі көмекпен, тегін тамақ т.с.с) тек белгілі бір отбасылар санаты қамтылады. Олардың санатына АӘК алатын отбасылардың, АӘК алмағанымен күнкөріс минимумы төмен отбасылардың балалары, сонымен бірге жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған балалар, төтенше жағдайда шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балалары осы көмекпен қамтылады. Осы көмектерге ие болуы үшін ата-аналар немесе баланың заңды өкілдері жазбаша түрде білім беру ұйымына өтініш жазуы керек», - дейді Күләш Шәмшидинова.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жүйесін білім саласында кеңінен пайдалануды жүктеген болатын.

Жоғары қарай