Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елдегі 50 ірі кәсіпорын экологиялық стандарттарға сай технологияларға көшіріледі

2021 жылдың 10 маусым 2021 16:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия және электр энергетикасы салаларындағы 50 ірі кәсіпорыны экологиялық стардарттаға негізделген технологияларға көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты.

«Шетелдік тараппен бірлесіп инвесторлар кеңесінің жұмыс топтарының ұсынымдарын қарау бойынша жұмыс шеңберінде мынадай жұмыс жүргізіледі. Экологиялық заңнаманың Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының стандарттарына және халықаралық тәжірибелерге сәйкестігін қамтамасыз ету үшін биыл жаңа экологиялық кодекске қол қойылды. Ол 1 шілдеде күшіне енеді», -деген Премьер-Министрдің орынбасары Кодексте ең озық қолжетімді технологияларды енгізу көзделгенін атады.

«Бұл технологиялық процестерді жаңғыртуға және қоршаған ортаға эмиссияларды төмендетуге мүмкіндік береді. Бірінші кезеңде мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия және электр энергетикасы салаларындағы 50 ірі кәсіпорынды қолжетімді технологияларға көшіру жоспарланған», - деді Мұхтар Тілеуберді.


Жоғары қарай