Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы жастарды спортпен көбірек шұғылдануға шақырды

2021 жылдың 13 ақпан 2021 11:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды және спортпен көбірек шұғылдануға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Спортпен шұғылдану арқылы жеңіске ұмтылыс, күш-қайрат, алға қойған мақсатқа жетуге талпыныс сияқты маңызды қасиеттер жетіледі. Спорт дегеніміз – денсаулық, рухтың күштілігі, отансүйгіштік. Мен жастарымызды дене шынықтырумен және спортпен көбірек шұғылдануға шақырамын», - деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев Instagram -дағы парақшасында.

Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың спортқа деген назары ерекше екенін атап өту керек. Осыдан үш жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев «Challenge Другой ты!» атты республикалық спорт шарасына қолдау көрсетіп, осы акцияның қатысушыларына бейнеүндеу жолдаған болатын. Ол бастаманың мақсаты - еліміздің тұрғындары арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау. Акция аясында отандық танымал спортшылардың, еліміздің мәдениет және масс-медиа өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығулар өткізілген.





Жоғары қарай