Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы үміткерлерге дауыс беру үшін «Праймериз» жүйесіне тіркелді

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 18:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Праймериз» жүйесіне тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімет таратты.

«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысып, дауыс беру процесіне қатысу үшін«Праймериз» ақпараттық жүйесінде авторизациядан өтті. Өздеріңізге белгілі, праймериздің онлайн дауыс беру рәсімі биылғы жылдың 1-3 қазан аралығында өтеді» деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

Айта кетейік, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan» праймеризі еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді.

Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек праймериз – Елбасы жариялаған «Nur Otan» партиясын «қайта жандандырудың» маңызды бөлігі болып табылатын партияішілік демократияның заманауи тетіктерінің бірі екенін атап өтті.

Кейіннен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі бекіткен, партияішілік іріктеуді өткізу ережесі жарияланды.


Жоғары қарай