Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

2020 жылдың 31 қазан 2020 12:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Елбасы Түркияның Измир провинциясында жер сілкінісі салдарынан тұрғындардың зардап шегіп, қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

«Қайғыларыңызға ортақтасып, марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіре отырып, бауырлас түрік халқының осы ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Осыған дейін Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болғаны хабарланды. Қазақстанның Түркиядағы елшілігі осы оқиғаның салдарынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының жоқ екенін мәлім етіп, көмек қажет болған жағдайда хабарласатын телефон нөмірлерін жариялады.
Соңғы мәліметтер бойынша, зілзаланың салдарынан Түркияда 12 адам мерт болып, 522 адам зардап шекті.

Жоғары қарай