Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы туралы жаңа деректі фильм көрсетіледі

2020 жылдың 30 қараша 2020 09:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұңғыш Президент күніне орай «Назарбаев факторы» атты жаңа деректі фильм көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Деректі картинаны ҚР Президентінің Телерадиокешені әзірлеген.

«Назарбаев факторы» деректі фильмі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі бастамалары туралы баяндайды.

Фильмге қатысуға 15 адам шақырылды. Олардың ішінде танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері бар.


Деректі фильм барысында белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері Елбасының Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастыруға мүмкіндік берген негізгі бастамалары туралы айтады.

Спикерлер сыртқы саясатты, экономиканы, саяси және қоғамдық жаңғыртуды, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуді қоса алғанда, ең кең ауқымды мәселелер бойынша елдің дамуы туралы өз ойларымен бөліседі.

Фильм бүгіннен бастап отандық телеарналардан көрсетіледі. Деректі фильмді көрсету уақытын мына жерден көруге болады.



Жоғары қарай