Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы «Самұрық-Қазына» басқармасының төрағасын қабылдады

2021 жылдың 26 тамыз 2021 19:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Самұрық-Қазына» қорының өндірістік және қаржылық көрсеткіштері туралы баяндалды.

А.Сәтқалиевтің мәліметі бойынша биылғы 7 айда уран саудасында, электр энергиясын өндіруде, сондай-ақ контейнерлік тасымалдауда көрсеткіштердің оң қарқыны байқалуда.

Елбасыға Қор тобындағы кәсіпорындардағы вакцинациялау процесі мен санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.


Жоғары қарай