Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді

2020 жылдың 27 қараша 2020 17:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайға берген сұхбаты негізінде «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі дайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фильмде Елбасы облыс мәртебесіне ие болған Түркістан қаласының қайта жаңғыруы, тарихи шешімнің мәні мен маңызы, көне шаһардың туристік әлеуеті мен халықаралық аренадағы беделі, қаланың келешек жоспарлары туралы жан-жақты баяндайды.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев телеарнаға берген сұхбатында Түркістанның Орталық Азиядағы және түркі әлеміндегі орны, «Түркі әлемінің киелі жерлері» жобасы, «Керуен-сарай» көпфункционалдық туристік кешенінің әлеуеті, қала аумағын көгалдандыру және Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жобаларының нәтижесі мен олардың азаматтардың әл-ауқатын жақсартудағы ықпалы туралы туралы айтады.

Деректі туынды «Qazaqstan» арнасынан 1 желтоқсан сағат 20:00-де эфирге шығады.

Еске салайық, 1 желтоқсан күні сондай-ақ сағат 21:40-та «Хабар» телеарнасында журналист Айгүл Әділованың «Портреттің штрихтары» деректі фильмінің бірінші сериясының премьерасы өтеді.



Жоғары қарай