Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елбасы Нұр-Сұлтан қаласында және Президентпен тікелей байланыста – Айдос Үкібай

2022 жылдың 8 қаңтар 2022 13:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі - Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде жазды.

«Елбасы Қазақстан астанасында, Нұр-Сұлтан қаласында. Қасақана жалған және екіұшты ақпарат таратпауды сұраймыз. Елбасы бірнеше консультативті кездесулер өткізіп жатыр және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста», - деп жазды Айдос Үкібай Твиттер парақшасында. Сонымен бірге Н. Назарбаев Қазақстанмен дос мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлескен. «Елбасы қазіргі сын-қатерлерді еңсеріп, еліміздің тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлығын Қазақстан Президенті маңында жұмылуға шақырады», - дейді А. Үкібай.


Жоғары қарай