Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы «Nur Otan» партиясының  көшбасшылық сырын айтты

2020 жылдың 25 қараша 2020 14:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2025 жылға дейінгі «Жастар - Отанға» бағдарламасының жобасы әзірленді. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезін қорытындылаған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» 20 жыл көш бастап келеді. Біз әрдайым жұртшылықтың мұң-мұқтажын түсініп, мәселесін шештік. Көшбасшылықтың сыры да осында жатыр. Біз «Nur Otan-ның» нақты істер партиясы екенін дәлелдедік. Пандемия кезінде менің бастамаммен құрылған «Біргеміз» қоры 33 млрд теңге қаржы бөліп, 2 млн-нан астам адамға көмек көрсетті. Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі ең бірінші орында тұрады. Партияның конференциясы кезінде біз әр облыстың, ауданның, қаланың мәселелерін шешетін 216 өңірлік жаңа сайлауалды бағдарлама қабылдадық. Мұндай еш уақытта болған жоқ. Мемлекет тарапынан үлкен бағдарламалар болды. Ал әр облыста, әр қалада, әр ауданда бағдарламаның болуы жергілікті биліктің атқаратын жұмысы сапасына талапты күшейтеді», - деді Елбасы.

ҚР Тұңғыш Президенті еліміздің ең ірі ұйымы жастар ұйымы «Жас отанның» бастамасымен партия төңірегіне белсенді жастар топтасқанын да айтты.

«Пандемия кезінде «Жас отан» 5 мыңнан астам еріктіні жұмылдыру арқылы өзінің көшбасы екенін дәлелдеді. Биыл 2025 жылға дейінгі «Жастар - Отанға» бағдарламасының жобасы әзірленді. Ол «Жас отан» съезінде қабылданатын болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Жоғары қарай