Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы кітапханасына жаңа директор тағайындалды

2021 жылдың 15 қаңтар 2021 17:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бақытжан Берікбайұлы Темірболат 1972 жылғы 10 желтоқсанда дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
– Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ғылыми қызметкер (1998-2000);
– Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жұмысқа шақырылып, Ішкі саясат бөлімінде, Ақпараттық-талдау орталығында консультант, бас сарапшы, сектор меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті (2000-2006);
– Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығында бас инспектор (2006-2007);
– Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі бастығының орынбасары (2007-2018);
– Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі (2018-20.03.2019);
– Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі бастығының уақытша міндетін атқарушы (20.03.2019-07.2019);
– Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы (07.2019 ж).

Соңғы қызметінен 2020 жылғы 28 желтоқсанда босатылған еді.


Жоғары қарай