Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елбасы Кенжеғали Сағадиевтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты

2020 жылдың 26 шілде 2020 13:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Кенжеғали Сағадиевтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев К.Сағадиевтің ұзақ жыл түрлі жауапты қызметтерді атқарып, үлкен экономист ғалым ретінде өзінің бар білімі мен ұйымдастырушылық мол тәжірибесін Отанымызды өркендетуге, тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге арнағанын атап өтті.

«Кенжеғали Әбенұлы абыройлы қызметі мен бойындағы азаматтық асыл қасиеттерінің арқасында халқымыздың лайықты құрметі мен қошеметіне бөленді. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды деп сенемін», - делінген жеделхатта.

Айта кетейік, кеше академик Кенжеғали Сағадиев 82 жасында дүниеден өткен еді.


Жоғары қарай