Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

2021 жылдың 6 мамыр 2021 14:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қарулы күштері мемлекетіміздің тұрақтылығының, аумақтық тұтастығы мен әскери қауіпсіздігінің кепілі болды. Біз әрдайым армияны дамытуға, оның қорғаныс қабілетін арттыруға, әскерилерді жан-жақты қолдауға баса көңіл бөлдік. Соның арқасында Қазақстан әскерінің сапында болу рухы мықты адамдардың мәртебелі әрі жауапты міндетіне айналды. Бүгінде Отан алдындағы борышты өтеу мен адал қызмет ету –абыройлы іс. Әскери форма киген адам жауапкершілігі жоғары, нағыз патриот болып саналады» делінген құттықтау хатында.

Сондай-ақ, Елбасы тәуелсіздігімізді қорғай алатын қуатты да айбынды армиямыз барын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойған күннен бастап тиімді қауіпсіздік жүйесін құрғанға дейінгі аралықта еліміз ауқымды жолдан өтті. Бүгінде біздің ең басты құндылығымыз – тәуелсіздігімізді қорғай алатын қуатты да айбынды армиямыз бар. Отан қорғаушыларды және барлық қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, тыныштық пен бақ-береке тілеймін!» - деп түйді сөзін Тұңғыш Президент.


Жоғары қарай