Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Елбасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

2019 жылдың 9 қазан 2019 17:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Кездесу барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына елдегі қылмыстық ахуал және министрліктің құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат ұсынылды.

Ішкі істер министрінің мәліметі бойынша, 2019 жылы қылмыс 15% төмендеген. Ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 77,5% құраса, аса ауыр қылмыстар бойынша көрсеткіш - 88%.

Сонымен қатар, Е.Тұрғымбаев Елбасына ішкі істер органдарын реформалау аясында полицияға халықтың сенімін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру барысы туралы мәлімет берді.

Жоғары қарай