Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы белгілі журналист Михаил Дорофеевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты

2021 жылдың 31 қаңтар 2021 14:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы белгілі журналист Михаил Дорофеевтің туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілі қазақстандық журналист, Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет порталының бас редакторы Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Ол үлкен жұмыс тәжірибесі бар өз ісінің кәсіпқой маманы еді. Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Журналистика академиясының академигі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды. Михаил Дорофеев отандық медиа саласының дамуына сүбелі үлес қосып, жаңа сапа стандарттары мен кәсібилікті енгізуге ықпал етті», – делінген жеделхатта.

Жоғары қарай