Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы «Астана» ХҚО-сын басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 18:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды elbasy.kz.

Кездесуде тараптар пандемия жағдайындағы әлем экономикасының одан әрі даму перспективасына қатысты пікір алысты.

Елбасы әлемде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы жаңа дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін екенін айтты.

– Бүгінде пандемия салдарынан күрделі кезең қалыптасып отыр. Осылай жалғаса берсе, жаңа дағдарыстар туындауы ықтимал. Қазірдің өзінде қарыз дағдарысы пайда болды, инфляция дағдарысы белең алып, энергия ресурстары арзандайды деген болжам бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Әңгіме барысында тараптар өңірдегі экономикалық жағдайдың даму болжамдарын, сондай-ақ сын-қатерлердің алдын алу шараларын әзірлеу мәселелерін талқылады.





Жоғары қарай