Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елбасы Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен телефон арқылы сөйлесті

2020 жылдың 26 мамыр 2020 15:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Тараптар бірін-бірі күллі ислам әлемінде кеңінен мерекеленетін Ораза айт мейрамымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян коронавирс эпидемиясына қарсы күреске бағытталған екі ел Үкіметінің шараларын қолдады және пандемияны еңсеру үшін жаһандық деңгейде іс-шаралар қабылдаудың қажеттілігін атап өтті.

Әңгіме соңында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасында саяси, сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты күшейту үшін преспектива мен әлеуеттің зор екендігін атап өтті.


Жоғары қарай