Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ел үміті: Жобаға қатысушылар экономиканы дамыту бойынша 150-ден астам бастама әзірледі

2021 жылдың 12 ақпан 2021 19:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «100 нақты қадам» ұлт жоспарын сапалы орындау мақсатында Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында іске асырылған өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасына қатысушылардың форумын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Іс-шараға Президенттің көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, менторлар және экономика мен әлеуметтік саланың 11 саласы: өнеркәсіп, АӨК, құрылыс, геология, денсаулық сақтау, білім беру, медиа, сауда және логистика, су ресурстары, туризм, мәдениет және спорт командаларының қатысушылары қатысты.

Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасы Нұрсұлтан Назарбаев қорының бастамасымен, ҚР Үкіметінің жобалық офисімен бірлесіп жүзеге асырылды.

Бағдарламаның мақсаты — экономиканың негізгі салаларын трансформациялау үшін нақты ұсыныстар әзірлеу.

2020 жылдың басында өткізілген конкурс қорытындысы бойынша 2958 үміткерден, әсіресе, жетекші ұлттық және шетелдік ұйымдарда үлкен практикалық жұмыс тәжірибесі бар 234 сарапшы іріктеп алынды.

Бағдарламаға ментор ретінде Қазақстанның, АҚШ-тың және Еуропа елдерінің мемлекеттік және жеке секторларынан 64 маман қатысты.

2020 жылдың ішінде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бағдарламаға қатысушылармен 50-ге жуық бетпе-бет кездесу өткізді.

Өзгерістерді басқару жөніндегі менеджерлер салалық міндеттерді шеше отырып, еліміздің дамуына үлес қосып қана қоймай, Елбасы академиясы ұйымдастырған тренинг шаралары барысында өз біліктілігін жақсартты.




Үкімет басшысы Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан жастардың жобалары мен бастамаларын қолдаудың, сондай-ақ Үкіметтің жас мамандармен тиімді өзара іс-қимылының жарқын мысалы болып отырғанын атап өтті.

Салалық менеджерлердің, менторлардың және мемлекеттік органдар өкілдерінің үйлесімді жұмысының арқасында елді дамытуға бағытталған 150-ден астам нақты бастама әзірленген.

«Салалық менеджерлердің әрбір ұсынысын тиісті мемлекеттік органдар егжей-тегжейлі қарады. Әр сала бойынша жол карталары әзірленді. Енді біздің басты міндетіміз – олардың іс жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Міндеттердің басым бөлігі осы жылдың соңына дейін орындалуы тиіс», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр салалық менеджерлердің бастамаларын іске асыру Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша міндеттерді шешуге ықпал ететінін атап өтті.


Жоғары қарай