Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ел тұрғындарынан тіркелмеген 428 қару тәркіленді

2021 жылдың 6 желтоқсан 2021 11:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел тұрғындарынан тіркелмеген 428 қару тәркіленді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, еліміздің аумағында 3 ай бойы жүргізілген «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында тұрғылықты жері бойынша 200 мыңнан астам азаматтық қару иесі тексерілді. 3 мыңға жуық атыс қаруын сақтау ережесін бұзу анықталды. Айналымнан тіркелмеген 428 қару тәркіленді.

«Операция басталғаннан бері полиция қызметкерлері 500 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде 8 мыңнан астам ұсақ бұзақылықтың жолы кесті. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық саладағы 11 мыңнан астам құқық бұзушылықтың және көші-қон заңнамасына қатысты 82 мыңнан астам заң бұзушылықтың алдын алды»,- деді Нұрділдә Ораз ІІМ баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.


Жоғары қарай