Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екпе алуды сынағандардың басым көпшілігі қазір вакцина алды – министр

2021 жылдың 23 қараша 2021 13:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алуға қарсы адамдардың үлесі азайып келеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таяуда «коронавирусқа қарсы вакцина алуды міндеттемеңіздер» деп талап қойғандар болды. Менің айтарым, Қазақстанда вакцина алу міндетті емес, ешкімді мәжбүрлемейді. Екпе алғыңыз келмесе ерік өзіңізде, сізге ешкім қинап вакцина салмайды. Ал ревакцинацияға келсек, ол қайта екпе алып, иммунитетімді күшейтемін деушілерге арналып отыр. Бұл әңгіме балалар вакцинасына да қатысты. Ата-ананың өз еркінде», - деді А. Цой Үкімет үйінде тілшілердің сұрағына жауап бере тұра.

Оның айтуынша, министрлік халықты вакцина алуға мәжбірлемейді, дегенмен түсіндіру жұмысын жүргізеді.

«Әрине, вакцина алуға қатысты түсіндіру жұмысы керек. Оның үстіне қазір қоғам белсенді, біздің көмегімізсіз де белсенділер түсіндіріп жатады. Ал құзырлы орган ретінде ресми деректерді жинап, халыққа ұсынып, түсіндіру – біздің міндетіміз. Тағы бір байқағанымыз соңғы уақытта вакцина алуға қарсы шығушылардың саны азайып келеді. Бұрын жиі тұғын. Бұл мәселе бойынша бізде мониторинг жасап, қадағалап отырмыз. Демек қоғамның көзі жетті деген сөз. Бүгінде қазақстандықтардың 70 пайыздан астамы коронавирусқа қарсы вакцина алды. Екпе алуды сынаған қауымның басым көпшілігі қазіргі күні вакцина алған», - дейді ол.


Жоғары қарай