Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Экономикада сенімді өсу бар – Асқар Мамин

2021 жылдың 12 қазан 2021 09:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин ұлттық экономиканың өсу серпінін «сенімді» деп бағалады. Бұл туралы ол Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық экономикада сенімді өсу серпіні байқалады. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,4 пайызға дейін қарқын алды. Экономика дамуының негізгі драйвері нақты сектордағы өндірістің тұрақты өсуі болды.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,7 пайызға өсті. Соның ішінде, машина жасауда 22,8, автомобиль құрылысында 31,6 пайыз, локомотивтер мен вагондар өндірісінде 50,5, құрылыс материалдарында 10,1, фармацевтикада 38,1, пластмасса бұйымдары өндірісінде 31,4, киім өндірісінде 14, жиһазда 14,9, дайын метал бұйымдарын шығаруда 17,2 пайыз өсім байқалады», - деген Премьер-Министр, қызмет көрсету секторы да карантиндік шектеулердің азаюйына байланысты сенімді түрде қалпына келіп жатқанын еске салды.

«Қазір қызмет көрсету секторы сауда мен байланыстағы жоғары өсу қарқыны есебінен 2,9 пайызды құрады», - деді Үкімет басшысы.


Жоғары қарай