Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Экология және цифрлық даму министрліктері бірігіп цифрлық жобаларды іске асырмақ

2021 жылдың 20 мамыр 2021 19:55

​​НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экология және цифрлық даму министрліктері цифрлық жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті, деп хабарлайды ECO NEWS Телеграм каналы.

Мұндай уағдаластыққа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің кездесуі барысында қол жеткізілді.
Экология министрлігі бірқатар цифрлық жобаларды таныстырды. Олардың ішінде, жер шарының кез келген нүктесінен онлайн режимде бірнеше қарапайым қадамдардың көмегімен кен орындары бойынша геологиялық деректерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкі бар.
Бұл жүйенің басты қағидаты «paper free» тұжырымдамасын пайдалану, яғни құжаттарды қағаз түрінде ұсыну қажеттілігінің болмауы, инвесторларды қызықтыратын және толық ақпаратқа барынша тікелей қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.


Басты сөздер: Цифрлық Қазақстан,
Жоғары қарай