Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Экология министрлігі дизельді қоғамдық көліктерді сатып алуға тыйым салмақ

2020 жылдың 13 тамыз 2020 14:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі дизельді отынмен жүретін қоғамдық көліктерді сатып алуға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қоғамдық көліктерді белсенді түрде газға ауыстырып жатырмыз. Сонымен қатар, экологиялық таза 130 автобус сатып алудамыз. Десек те, қаладағы автокөліктер негізгі ауа ластаушылардың бірі болып қала береді. Күн сайын қала көшелерінде 700 мыңға жуық көлік жүреді. Бұл мәселені шешу үшін халықаралық тәжірибеге сүйеніп, ауқымды көлік реформасын жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі күні Алматыда 400-ге жуық автобус газбен қозағалады. Сонымен қатар, 10 электр автобусы бар. Сіздердің (ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – ред) қолдауларыңызбен электр автобустарының санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Қоғамдық көліктер паркін жаңарта отырып, біз зиянды заттар шығарындыларын азайтамыз», - деді Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов шаһардың экологиялық ахуалын талқылау барысында.

Өз кезегінде, министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов 2023 жылға дейін газбен жүретін автобустардың санын 500-ден 2 мыңға жеткізуді ұсынды.

«Дизельді қозғалтқышы бар қоғамдық көлікті сатып алуға заңды түрде тыйым салу керек», - деді ол.

Жоғары қарай