Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Екінші «Пәтуалар жинағы» кітабы жарық көрді

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 11:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің XXIV мәжілісінде екінші «Пәтуалар жинағы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәліметінше, Ғұламалар кеңесі әзірлеген, осымен екінші рет оқырманға жол тартқан екінші жинақта қазіргі қоғамда көп талқыланып жүрген кейбір мәселелердің шариғи шешімі мен пәтуасы топтастырылған. Бұл еңбек дін қызметіндегі имамдарға, білім-тәрбие саласының қызметкерлеріне және жалпы мұсылман жұртшылығына арналған.




MUFTIYAT баспасынан шыққан «Пәтуалар жинағы» екінші кітабының жауапты редакторы, наиб мүфти – Ершат қажы Ағыбайұлы. Ал баспаға дайындағандар – ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары - Хасан Аманқұлов, Бауыржан Әбдуалиев, Медет Құрсақов. Кітапқа Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен ҚМДБ-ның сараптау комиссиясының оң қорытындысы берілген.




Басқосуда сөз алған наиб мүфти, Ғұламалар кеңесінің хатшысы, PhD докторы Ершат қажы Оңғаров құнды кітапта жазылған пәтуалардың мұсылман жамағатының рухани өмірінде алатын орны мен рөлін айрықша атап өтті.




Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы кітапты шығарып берген ҚМДБ «Зекет» қоры ұжымына, қор директоры Талғат Омаровқа айрықша алғысы мен риясыз ризашылығын білдірді.

Фото: www.muftyat.kz

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Алматы, Дін,
Жоғары қарай