Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екібастұзда өрт сөндірушілер шағын трактор құрастырды

2020 жылдың 26 қазан 2020 01:33

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Екібастұздық өрт сөндірушілер МТ-13 4 x 4 «ТҰЛПАР» шағын тракторын құрастырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Павлодар облысы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жобаның авторы - Екібастұз қаласынадғы №6 өрт сөндіру бөлімнің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Серік Раскельдинов. Жобаны жүзеге асырып, мини-тракторды құрастырғандар 6-ӨСБ-ң өрт сөндірушісі Мұхтар Әділет және осы бөлімнің жүргізуші-қызметкері Мейрамғалиев Тілек.


«Барлық бөлшектерді металл базасынан жинақтап, кейбірін қолдан дәнекерлеп жасады», - дейді №6 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Дархан Қабылтаев. - Трактордың отырғышына ескі креслоны пайдаландық.

Шағын тракторды өрт сөндіру бөлімінің аумағын тазалау және қар шығару жұмыстарына пайдаланылмақ.


Жоғары қарай