Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Екібастұзда медициналық маска үшін төбелес болды

2020 жылдың 6 маусым 2020 11:20

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Екібастұзда күзетші сауда орталығына келген азаматтан маска талап етіп, ал орталыққа келген азамат күзетшінің жағасынан алған. Осының салдарынан орталықта жанжал туып, арты төбелеске ұласқан. Төбелеске сауда орнында жүрген өзге адамдар да араласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған сауда үйіне келуші медициналық маскасыз келгені үшін күзетшіден ескерту алған. Содан кейін олардың арасында жанжал туындаған», - деді Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, төбелесті күзетшіден ескерту алған адам бастаған. Содан кейін жанжалға басқа да жастар қосылып кеткен. Төбелесті куәгерлер ұялы телефондарына түсіріп алған. Ол видео әлеуметтік желіде таралып кетті. Кадрда күзетшіге үш жас ер адамның жабылып жатқаны көрсетілген. Содан кейін күзетшіге жас жігіт рациямен көмекке келіп, төбелесушілерді арашалап алған.

«ҚР ҚК 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүргізілуде», - деді Ж. Белялова.

Төбелескендердің барлығы анықталды.


Басты сөздер: Павлодар облысы, Оқиға, Қоғам,
Жоғары қарай