Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екібастұзда көшеде ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

2021 жылдың 24 ақпан 2021 12:38

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұзда адам өліміне қатысты күдікті ұсталып, қылмыс қаруы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.


Павлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 23 ақпан күні сағат 08:00-де Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз адам өзге ер адамға оқ атып, ол оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 65 жастағы ер адамды ұстады.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қару-жарақ тәркіленді. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - деп хабарлады ПД бастығы Нұрлан Мәсімов.

Еске сала кетейік, кеше Екібастұзда қала тұрғындарының көзінше ер адамды атып кеткен болатын. Қылмыс барысы көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.


Жоғары қарай