Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екібастұз маңында қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды

2021 жылдың 25 ақпан 2021 12:41

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында қар құрсауында қалған 9 жолаушының ешқайсын үсік шалған жоқ және медициналық көмекке мұқтаж болмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«24 ақпанда сағат 19-40-та «112» пультіне Екібастұз ауылдық аймағынан көмек қажет екені туралы телефон хабарламасы түсті. Шиқылдақ ауылынан 8 шақырым жерде Қызылорда – Павлодар автожолында 2 жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған. Оқиға орнына дереу жеке құрамнан 2 адам және 1 техника жіберіліп, 2 жеңіл автомашина жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарылды. Салонда 6 адам болды, олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ 25 ақпан күні сағат 2-46-да Екібастұз қаласынан 40 шақырым жерде жеңіл көліктің істен шыққаны туралы хабарлама тіркелген. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағынан 2 адам шығып, Екібастұз қаласына 3 адамды жеткізді.


Жоғары қарай