Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екі жылда қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастың жаңа принципиалды формасы қалыптасты – Қарин

2021 жылдың 11 маусым 2021 13:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің хатшысы Ерлан Қарин «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы күнделікті өмірде өз көрінісін тауып жатыр деп есептейді. Бұл туралы ол Ұлттық кеңестің екі жылдағы жұмысы қорытындыланған жиында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент өз қызметіне кіріскеннен бері жарияланған ең үлкен бастамаларының бірі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы болатын. Тұжырымдаманың бір механизмінің өзі - Ұлттық кеңес. Одан басқа азаматтардың өтініштерін қабылдау жөніндегі арнайы бөлім құрылған болатын. Жалпы мемлекеттік аппарат халықпен, қоғаммен, азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнатуға деген бағдар жарияланған болатын. Бұл ұстаным күнделікті өмірде өз көрінісін тауып жатыр. Мемлекеттік қызметрлердің ақпарат құралдарымен байланысы болсын, тұрғындардың өтініштерін, арыздарын, талаптарын ескеру болсын, жаңа айтылып жатқан бейбіт жиындар туралы заңның жұмыс істеп жатқандығы, осының бәрі де қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың да өзгеріп жатқанын көрсетіп жатыр», - деген Ерлан Қарин қоғам мен мемлекет арасындағы байланыс екіжақты сипат алғанын баса айтты.

«Бұл да екі-ақ жылдың ішінде қоғам мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастың жаңа принципиалды формасы қалыптасқанын көрсетеді», - деді Ұлттық кеңес хатшысы.


Жоғары қарай